A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:45 0

Қазақстанда «Qarzhy Saqshysy» компьютерлік ойыны іске қосылды

Бүгін / Республика

1 желтоқсанда елдің барлық өңірінде «Заң және тәртіп» нарративі аясында жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және заманауи қаржылық алаяқтық схемалары туралы хабардарлығын күшейтуге бағытталған «Qarzhy Saqshysy» білім беру компьютерлік ойыны басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ойын 1–15 желтоқсан аралығында мектептер мен колледждерде өткізіліп, 10–11 сынып оқушылары мен колледж студенттерін қамтиды. Қатысушылар интерактивті форматта қаржы пирамидалары, дропперлік, әлеуметтік инженерия сияқты кең таралған алаяқтық түрлері туралы біле алады, сондай-ақ цифрлық гигиенаның негіздерін меңгереді.

Жобаны AML Academy және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірлеген.

Іс-шара қорытындысы бойынша аудандық деңгейдегі жүлдегерлер, сондай-ақ облыстық және республикалық кезеңдердің жеңімпаздары анықталады. 22–31 желтоқсан аралығында ең жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын дамыту — алаяқтықтың алдын алудың және жастардың цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың маңызды бөлігі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив