A+ A A-

talgatzhan 28 Кеше, 15:10 0

ШҚО-да тұрмыстағы зомбылықтың алдын алу әрекеттері жалғасып жатыр

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Сол жағалау ауданы бойынша пробация қызметі бөлімінің мамандары мен құқық қорғау органдары бірлесіп, жуықта профилактикалық шара өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мақсат сол, халықты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, зиянды әдеттердің салдары және күйзеліс жағдайларында туындайтын психологиялық қиындықтар туралы ақпараттандыру. Оған қатысушыларға отбасы қауіпсіздігі, психологиялық тұрақтылық, сондай-ақ алкоголь, темекі және есірткінің адамның эмоционалдық жағдайына әсері жөнінде кеңінен түсіндіріліп, ақпараттық буклеттер таратылды.
ШҚО ҚАЖ Сол жағалау ауданы бойынша пробация қызметінің аға лейтенанты Жұлдыз Бөкееваның сөзінше, психологиялық қолдау ешқашан артық болмайды.
– Құқықтарыңды білу ғана емес, эмоционалды тұрғыдан қиын жағдайларда қайда жүгіну керектігін түсіну өте маңызды. Психологиялық тұрақтылық – отбасы қауіпсіздігінің негізі, – деді ол.
Аға лейтенант Айдана Бақтынованың да ойы осымен үндес.
– Көптеген мәселе эмоционалдық күйзеліс пен стресстен басталады. Психологқа дер кезінде жүгіну жанжалдардың алдын алып, денсаулықты сақтауға көмектеседі, – деді ол.
Іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын және психологиялық ақпараттандырылуын арттыруға, сондай-ақ жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив