A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 16:00 0

Қазақстанда АИТВ-ны алдын алу, анықтау және емдеу жүйесі күшейтілді

Бүгін / Республика

Бүгінде антиретровирустық терапия (АРТ) қабылдап жүрген АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 93%-дан астамында вирус жүктемесі төмен. Бұл — мемлекет, халықаралық ұйымдар және үкіметтік емес құрылымдардың бірлескен жұмысының нәтижесі. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Мұндай деректер 1 желтоқсан — Дүниежүзілік АИТВ-ға қарсы күрес күні аясында «Қиындықтардан — өзгерістерге: АИТВ-ға жауап» ұранымен қорытындыланған.

Қазақстанда АИТВ-ның алдын алу, тестілеу, емдеу және күтім қызметтерін жақсартуға бағытталған ЮНЭЙДС-тің 95–95–95 стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда:

АИТВ-пен өмір сүретін адамдардың 85% өз мәртебесін біледі;

олардың 92% антиретровирустық терапия қабылдайды;

ем қабылдайтындардың 93% вирус жүктемесін төмен деңгейде ұстап отыр.

Қазақстанда «Б=Ж» принципі қолданылады: «Беймәлім = жұқтырмайды». Осы принципке сәйкес, антиретровирустық терапияны қабылдайтын және вирус жүктемесі төмендетілген АИТВ-мен өмір сүретін адам өзінің жыныстық серігіне вирус тарата алмайды. Бұл тұжырым әлемдік ғылыми зерттеулермен толық расталған.

Биыл Денсаулық сақтау министрлігі АИТВ-инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсету стандартын бекітті. Құжат АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық қызметтердің сапасы, қолжетімділігі мен үздіксіздігін арттыруға, сондай-ақ алдын алу шараларын жетілдіруге бағытталған. Қазақстанда ДДСҰ ұсынған 12 профилактикалық бағдарлама бағыттарының барлығы енгізілген, — дейді ҚР ДСМ Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Роза Қуанышбекова.

АРТ емін алу да жеңілдеді: диагноз қойылғаннан кейін ем бірден тағайындалады және тегін беріледі. Бүгінде пациенттердің 90%-ы құрамында долутегравир бар терапия қабылдайды. Бұл препарат ДДСҰ тарапынан бірінші таңдаулы ем ретінде ұсынылған.

Соңғы жеті жылда Қазақстанда АИТВ-дан өлім-жітім төмендеді, халық арасындағы сырқаттану деңгейі азайды, сондай-ақ жұғудың екі жолы — қан арқылы (инъекциялық есірткі) және анадан балаға жұғу айтарлықтай қысқарды.

Қолданыстағы алдын алу және емдеу шараларының арқасында Қазақстанда 15–49 жас аралығындағы халық арасында АИТВ таралуы 0,3% деңгейінде, ал бұл әлемдік орташа көрсеткіш — 0,7%.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив