Өңірде ауруға шалдыққандардың 37-сі – 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ақпаратынша, тұрғындар арасында жедел респираторлық вирустық инфекциялардың жалпы көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен ұқсас.
– Зертханалық расталған A/H3N2 немесе “гонконг тұмауының” 73 жағдайы тіркелді. Осы ретте маска кию, халық мол жиналатын жерлерге бармау сынды қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады, – деді аталған департамент басшысы Қанат Тұрдиев.
Пікірлер