A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 10:10 0

Алтай ауданында арзан азық-түлік сатылады

Бүгін / Алтай

30 қарашада Серебрянскі қаласында жеміс-жидек пен көкөністі қолжетімді бағамен сататын дүңгіршек ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, дүңгіршек мемлекеттік бағдарлама арқылы жеке кәсіпкерге жалға берілген.

“Пятаки” шағын ауданындағы базар жанында орналасқан дүңгіршек әлеуметтік бағаны тұрақтандыру бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін болады.

Ал “Ертіс” ӘКК” АҚ дүңгіршектің олардың балансында жоқ екенін мәлімдеді.

- Бұл дүңгіршектер бұрын аудандарға берілген және қазір олардың балансында. Алтай ауданы әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағамен ұсынатын бөлшек сауда нүктелерін ашуға ниет білдірді. Дегенмен келіссөздер жүріп жатыр. Егер оң нәтиже болса, аудан әкімдігімен және кәсіпкермен үш жақты меморандумға қол қоямыз. Келісім бойынша олар тауарларды біздің павильондарымыздағы бағамен сатады, - делінген ресми ақпаратта. 

Айта кетейік, Риддердегі екі павильон да сенімгерлік басқаруға берілді. Екеуі де “Ертіс” ӘКК” АҚ-ға тиесілі. Азық-түлік өнімдерін сату басталды.

- Шемонаиха және Алтай аудандарында осындай павильондар ашуға сұраныс бар. Біз өнімді жеткізуді өз мойнына алатын аудандармен жұмыс істейміз, - делінген “Ертіс” ӘКК” АҚ мәліметінде. 

Еске сала кетейік, “Ертіс” ӘКК” АҚ павильондарындағы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы нарықтық бағалардан 10-15%-ға төмен. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив