A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 11:35 0

ШҚО-да биыл 102 көлік өртенді

Бүгін / ШҚО

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 102 автокөлік өрті тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Республикалық «Газбаллон» акциясы аясында ШҚО ТЖД және Полиция департаментінің өкілдері облыс жолдарында және тұрақтарда профилактикалық шаралар жүргізуде. Азаматтарға газбаллонды жабдықпен жасақталған көліктерді қауіпсіз пайдалану талаптары түсіндіріледі. ГБЖ бар көліктерді автотұраққа қою қауіпті, өйткені қыста жылудың әсерінен газ кеңеюі мүмкін. Осы ретте баллон 85%-дан артық толтырылмауы тиіс.

Заңның жаңа талаптарын бұзған жағдайда көлік иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер тұрақта көлік өртеніп, газ жарылып, адам денсаулығына зиян келсе немесе ірі залал туындаса, қылмыстық жауапкершілік көзделген.

ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша көлік құралын қайта жабдықтау туралы белгі болмағаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұзушылық анықталған жағдайда полиция қызметкері ӘҚБтК-нің 797-бабы негізінде мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, көлікті пайдалануға тыйым салуға құқылы.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес ГБЖ орнатылған көліктерді тұрмыстық мақсаттағы кіріктірілген және жапсарлас үй-жайларда, жер асты тұрақтарында және жер деңгейінен төмен орналасқан жабық паркингтерде қоюға тыйым салынады. Қозғалтқыш тек бір жанармай түрімен — газбен немесе бензинмен іске қосылуы тиіс. Қысым бақылау, газ беру, қозғалтқышты жылыту, жанармай түрін ауыстыру жүйелері толық жарамды күйде болуы қажет. Газ баллондарына куәландыру кемінде әр 2 жыл сайын жүргізілуі тиіс. Егер көлік гаражға қойылса, ішінде тез тұтанатын заттарды және майды сақтауға болмайды.

Автокөлік өртенсе, көлікті дереу тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, жолаушыларды кемінде 10 метр қашықтыққа шығару қажет. Төтенше оқиға туралы 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлау керек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив