A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:45 0

ШҚО-да алаяқтар 82 жастағы әжені алдап, 1 млн теңгесін қалтаға басқан

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

Полицияға Өскеменнің 82 жастағы тұрғыны хабарласып, үй телефонына белгісіз әйел қоңырау шалғанын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өзін зейнеткердің қызы ретінде таныстырған ол жол-көлік оқиғасына ұшырағанын айтып, мәселені шешу үшін ақша қажет деп сендірген. Осылайша, алаяқ қарт адамды алдап, ақша беруге көндірді. Зейнеткер өз пәтерінде бейтаныс ер адамға қаражатты қолма-қол берген. Алаяқтар әрекетінен келтірілген шығын 1 млн теңгені құрады.
Полицейлер бейнебақылау инспекторларымен бірлесе, күдіктіні тез анықтады. Осылайша, өзге облыстан келген 22 жастағы жігіт анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив