Бұл туралы ҚР Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен өткен отырыста айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау.
Жол апатына кінәлі жүргізушілердің 81%-ы бұған дейін де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылғандар.
Анықталғандай, Шығыс Қазақстандағы көлік жүргізушісі бір жыл ішінде 32 рет ереже бұзған, оның 13-і – жылдамдықты арттыру фактілері. 8 қаңтарда ол қарсы жолаққа шығып, салдарынан өзі және екі жолаушысы қаза тапты. Мұндай жағдайлар жыл сайын қайталанатын көрінеді.
Тағы бір жағдайда жүргізуші соңғы екі жылда 72 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Оның ішінде жылдамдықты арттырғаны үшін 30 рет жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде, биыл 30 тамызда Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Пікірлер