A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 13:00 0

Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 7 адам қаза тапты

Бүгін / Республика

Алматы – Бішкек тасжолында минивэн жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты тасжолдың 129-шақырымында болған.

- Алдын-ала мәлімет бойынша Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алда қозғалып бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлікте болған жеті адамның бәрі, оның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив