Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында дәрі бағасын төмендету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Іс-шарада Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетігі нарыққа қалай әсер етіп жатқанын баяндаған.
- Енгізілген өзгерістер нәтижесінде дәрілік заттардың кең тізбесінде баға едәуір төмендеп, 36 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді. Бірқатар жоғары шығынды дәрілік заттың бағасын 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді. Мысалы, иматиниб дәрісінің бағасы 9 450 теңгеден 2 348 теңгеге төмендеді. Ал бевацизумаб дәрісінің бағасы 360 теңгеден 77 мың теңгеге дейін төмендеді. Сондай-ақ жаңа баға белгілеудің арқасында тікелей келісімшарттар мен тендерлік рәсімдер шеңберінде айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізілді, - деді Ақмарал Әлназарова.
Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтынын айтты.
- Бағаны реттеу бағытындағы істеріңізді қолдаймыз. Осы жұмыстарды әрі қарай да жалғастыру керек, - деді Үкімет басшысы.
Пікірлер