A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 15:00 0

Өскеменде полицейлер жүкті әйелдің перзентханаға уақтылы жетуіне қолұшын созды

Бүгін / Өскемен

Бүгін ШҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальоны қызметкерлері толғағы басталған жүкті әйелге медициналық мекемеге уақытында жетуге көмектесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тоғас көшесінде патрульдік экипажға ер адам келіп, жұбайының толғағы басталғанын хабарлаған. Ол тәртіп сақшыларынан көліктің перзентханаға дейін кедергісіз жеткізуді, яғни жол бастауды өтінді. 
Полиция аға лейтенанттары Санжар Әскербеков пен Саят Ғазезов 426 нөмірлі борт көлігімен дереу көмек көрсетуге кірісті. Жолды тазалап, көлік қозғалысын бақылап, қауіпсіз әрі жылдам жол жүруді қамтамасыз етті.
Тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекеті арқасында отбасы еш кедергісіз перзентханаға жетіп, жүкті әйел дәрігерлерге тапсырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив