Бүгінде өңірде көлік, коммуналдық және энергетикалық жүйелерді белсенді түрде жаңғыртылып, жайлы өмір сүру және тиімді бизнес үшін жағдай жасалуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл аймақта екі жаңа әуежай салынып, “Майқапшағай” және “Үбі” бақылау-өткізу пунктері жаңғыртылып, бес теміржол вокзалы жөнделуде. Былтыр Өскеменнен Мәскеу мен Новосибирскіге халықаралық рейстер ашылды, келесі жылы Қытайға әуе жолы ашылады. Өскемен-Алматы бағытында тальго пойызы жүреді деп жоспарлануда.
Биыл 98 млрд теңгеге 856 шақырым жол жөнделеді. Талдырқорған-Өскемен, Өскемен-Семей жобалары аяқталып, Өскемен-Рахман қайнарлары, Қалбатау-Майқапшағай тасжолдарын жөндеу жалғасуда.
Өскеменде екі жол айырығы салынуда. Ертіс және Үлбі өзендері арқылы екі жаңа көпір құрылысын бастау жоспарлануда. Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы тасжолындағы Үбі өзені арқылы өтетін ескірген көпірді қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы басталады.
2025 жылы 380 000 шаршы метр тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарлануда, оның ішінде 2300 пәтерлі 29 көпқабатты үй және «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 350 пәтер бар.
Пікірлер