A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:30 0

Шемонаиха ауданында аурухана жөндеуден өтеді

Бүгін / Шемонаиха

Жуықта аудандық аурухананың инфекциялық бөлімнің мүшкіл жағдайы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасы бойынша бірінші орынбасар Жақсылық Омар аурухананың жұмысымен танысты. Ол аудандық аурухана ғимараты 1970 жылдары салынғанын және ұзақ уақыт бойы жөндеуді қажет ететінін мәлімдеді. 

- Қазір аудандық аурухананың толықтай күрделі жөндеуіне арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қата  барлық техникалық мәселе Денсаулық сақтау министрлігімен келісілуде, - деді Жақсылық Омар.

Облыс әкімдігі мен KAZ Minerals арасындағы келісім бойынша келесі жылдың басында жаңа ифекциялық бөлімнің құрылысы басталады. Ол уақытта науқастар уақытша басқа бөлімге ауыстырылады. 

- Денсаулық сақтау басқармасына осындай жағдайлардың алдын алу үшін аудандардағы барлық инфекциялық бөлім мен балалар ауруханасын қайта тексеруді тапсырдым, - деді әкімнің орынбасары.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив