Қала әкімдігінің мамандары «Заң кеңсесінде» тегін заңгерлік көмек пен қажетті ақпаратты ұсынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кеңсе 2024–2026 жылдарға арналған құқықтық сауаттылықты арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында құрылды.
Онда қолданыстағы заңнамалық актілермен танысуға, онлайн сұраныстар беруге, қажетті құқықтық ақпаратты ыңғайлы форматта алуға болады.
Кеңсе компьютермен, принтермен, телефонмен және веб-камерамен жабдықталған, «Әділет» және «Закон» құқықтық дерекқорларына қол жеткізуге, e-otinish, eGov, «Open NPA» ақпараттық жүйелерімен, басқа да мемлекеттік қызметтермен жұмыс істеуге болады.
Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17.
Пікірлер