Ішкі істер министрлігі желіде таралған ақпаратқа қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Threads желісінде жолда жүру жылдамдығына қатысты жазба пайда болды. Құзырлы министрлік осыған қатысты ресми түсінік берді.
- “00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны" жөнінде таралып жатқан хабарлама фейк. Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық – 60 км/сағат. Камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды, – деп хабарлады ІІМ.
Ведомство қазақстандықтарды тексерілмеген хабарламаларға сенбеуге, ресми ақпаратқа жүгінуге шақырды.
Пікірлер