ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық қызмет орталығымен бірлесіп, тыйым салынған интернет-дүкенінің қойма-ораушысы ретінде жұмыс істеген, өзге облыстан келген 26 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел жүргізілген тінту барысында оның пәтерінен 132,52 грамм α-PVP және 286,48 грамм мефедрон, жалпы салмағы 419 грамм болатын психотроптық заттар тәркіленді. Сондай-ақ электрондық таразылар, зип-пакеттер және изолента орамасы айғақ зат ретінде алынды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Пікірлер