Қалада "Құқықтық десант" пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасаап.
Жобаның басты мақсаты — құқық бұзушылық деңгейін төмендету, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру.
Акцияның алғашқы күнінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері 100-ден астам үй мен пәтерді аралап, зейнеткерлермен және қала тұрғындарымен кездесті. Олардың құқықтарын, қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау шараларын және құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік туралы түсіндірді.
Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың және алаяқтықтың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ азаматтарға несие рәсімдеуді бұғаттау мүмкіндігі туралы ақпарат берілді. "Аманат" партиясы алаңында Ардагерлер кеңесімен кездесу өтіп, онда қаржылық және интернет-алаяқтардан қорғану тәсілдері мен өзге құқықтық қауіпсіздік шаралары қарапайым тілде түсіндірілді. Қаланың ірі сауда нүктелерінде азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Тұрғындарға білікті құқықтық көмек көрсетіліп, барлық сұраққа толық түсініктеме берілді, заңда белгіленген тәртіппен қаралатын жазбаша өтініштер қабылданды.
Пікірлер