«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Березовка ауылында тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету бағытындағы ауқымды жоба сәтті аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жобаны мердігер ұйым –«СервисТехЦентр» ЖШС іске асырды. Құрылыс барысында 9,6 шақырым су құбыры тартылып, 39 құдық салынып, 2 су резервуары мен 1-ші, 2-ші көтерілімге арналған насос станциялары орнатылды.
Негізгі жұмыстар 100% аяқталып, Березовка тұрғындарына тұрақты әрі сапалы су берілді. Қазір жобаны толықтай аяқтау үшін көшелерге бейнебақылау камераларын орнату және «БЭСК» АҚ-дан электр желілерін тұрақты қосуға рұқсат алу шаралары жүргізіліп жатыр.
- Партиямыздың сайлауалды міндеттемелерін жүйелі түрде орындау – басты мақсатымыз. Су желілерінің құрылысы партия және депутаттар бақылауында өтіп, сапалы жүзеге асырылды. Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасады, – деді «AMANAT» партиясы Шемонаиха аудандық филиалының төрағасы Анастасия Тиц.
Бұл жобаның орындалу барысы «AMANAT» партиясы және мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында болды. Құрылыс кезең-кезеңімен қадағаланып, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы атқарылуы қамтамасыз етілді.
- Бұл жоба біздің көптен күткен мәселемізді шешті. Үйімізге тұрақты әрі сапалы су келіп тұрғанына қуаныштымыз. Ауылдың тұрмыс сапасы едәуір жақсарды, – деді Березовка ауылының тұрғыны Бесчетнова Ирина Юрьевна.
Пікірлер