«Қазгидромет» облыстық филиалының ақпаратынша, 4 желтоқсанда күндіз өңірдің батысында, солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.
Мұндайда жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау керек, ал жаяу жүргіншілерге жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін абай болған жөн.
Төтенше жағдайда "112"-ге қоңырау шалыңыздар.
Пікірлер