Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан тұрғындарымен өткен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңір басшысының айтуынша, аталған жобалардың жалпы құны - 68 млн теңге.
- “Раздолье” демалыс базасын кеңейтуге 17 млн теңге бөлінді. Шемонаиха қаласында 20 орындық қонақүй кешенін орналастыру үшін ғимаратты қайта жаңарту жұмыстарына 35 млн теңге бағытталды. Березовка ауылында да жаңа демалыс базасы салынып жатыр, оған 8 млн теңге бөлінді. Бұдан бөлек, Марин жартасы маңында ат туризмін дамыту бойынша қымызхана салу жобасы іске асуда, оның құны – 8 млн теңге. Бұл жұмыстар ауданның туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар аймақ басшысы Шемонаиха ауданына келген туристер санының биыл төмендегенін атап өтті. Биыл олардың саны 2900-ге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға азайды.
Әдемі АМАНГЕЛДІ
Пікірлер