Ауданда интернетпен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов халықпен кездесуде айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, Большая Речка және Медведка ауылдарында базалық стансаның құрылысы аяқталып, мобильді интернетті іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
- Аудан аумағындағы республикалық трасса бойымен байланыс инфрақұрылымын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Қалған 6 елді мекенді интернетпен қамту жұмыстары 2027 жылдың соңына дейін толық аяқталады, - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, аудандағы 6 мектепке «Starlink» спутниктік интернет жүйесі орнатылған.
Әдемі АМАНГЕЛДІ
Пікірлер