A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 16:45 0

Шемонаиха ауданында жылу желісіндегі сорғы стансасы құрылысы жалғасуда

Бүгін / Шемонаиха

Қазір жылу желісіне қажетті жаңа сорғы стансасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жалпы құны 1 млн теңгені құрайтын жоба Усть-Таловка кентіндегі «Востокэнерго» ЖШС-ға тиесілі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір  ауданда екі орталық қазандық жұмыс істеп тұр. Оның бірі – Усть-Таловка кентіндегі «Востокэнерго» ЖШС-ның орталық қазандығы, екіншісі – Шемонаиха қаласындағы «Шемонаиха су арнасы» ЖШС-ға қарасты қазандық.
- Былтыр Шемонаиха қаласында «Шемонаиха су арнасы» ЖШС-ның жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары толығымен аяқталды. Жобаның жалпы құны – 188,7 млн теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарын «Сервис ТехЦентр» ЖШС орындады, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Аймақ басшысы аудан әкіміне құрылыс барысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив