3-5 желтоқсан аралығында облыс орталығында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның мақсаты - «нөлдік төзімділік» қағидатын, жасалған құқықбұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру.
– «Борышкер» жедел алдын алу шарасы барысында атқарушылық өндіріс органдарымен бірлесіп, жолдарда борышкерлерді анықтау және олар бойынша айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру шараларын қолдану бойынша рейдтер жүргізіледі, – делінген мәлімеьье.
Пікірлер