A+ A A-

talgatzhan 3 Бүгін, 17:25 0

Өскеменде мүгедектігі бар жандарды қолдау қалай жүзеге асып жатыр?

Бүгін / Өскемен

Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Тең мүмкіндіктер – мықты қоғам» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Жиынға мүгедектігі бар жандар, мемлекеттік орган өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер қатысты. Олардың қатарында әлеуметтік такси, иппотерапия және өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша қызмет ұсынатын ұйымдар бар.
Шарада қатысушылар инклюзивті ортаны дамыту, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау және алдағы жылға жоспарланған міндеттерді талқылады.

– Бұл жиынды мүгедектігі бар азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беретін маңызды алаң деп есептеймін. Әрқайсысының өз саласында жеткен жетістігі бар. Бүгін сол тәжірибемен бөлісіп, жаңа бастамаларды бірге талқылауға келдік, – деді облыстық мүгедектерді қорғау қоғамының төрайымы Ольга Кузовлева.

Айта кетейік, іс-шара аясында өңір спортшыларының жетістіктері ұсынылған арнайы көрме де ұйымдастырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив