A+ A A-

talgatzhan 49 Бүгін, 09:30 0

Шемонаиха ауданында биыл 8 білім ордасы жөнделді

Бүгін / Шемонаиха

Бұл туралы аудан жұртшылығымен кездесу барысында өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Белгілі болғандай, мектептерге оқу кабинеттері сатып алынған. 
- Былтыр «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шемонаиха қаласында 300 орындық жаңа мектеп салынып, 14 нысанға жөндеу жүргізіліп, 2 мектепке физика және химия кабинеттері сатып алынды. Биыл 5 мектепке 7 оқу кабинеті сатып алынды, - деді әкім.
Ауданның медицина саласында да оң өзгерістер бар. Жыл басынан бері Шемонаихада қатерлі ісікке шалдыққандар саны 12,8%-ға, қант диабетімен ауыратындар 33,2%-ға төмендеген. 
- «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Волчанка ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын. Ауданның денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техникамен жабдықталуы 89,3%-ды құрайды. Нәресте мен ана өлімі тіркелген жоқ, - деді Нұрымбет Сақтағанов. 
Бұдан бөлек, жергілікті халық Шемонаиха аудандық ауруханасында жұқпалы аурулар бөлімшесінің ғимараты мен дәрігерлік амбулатория салу қажеттігін жеткізді.
- Осы мәселені шешу мақсатында KAZ Minerals компаниясы дәрігерлік амбулатория мен аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесі үшін жеке корпус салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде. Нысандар 2026 жылы салынады. Сонымен қатар аудандық аурухана ғимаратын қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Қаржыландыру мәселесі мемлекеттік сараптама нәтижесі алынғаннан кейін қаралады, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив