Жиын барысында аудан халқы өздерін толғандырған бірқатар маңызды мәселені көтерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесуде алғашқы болып сөз алған қала тұрғыны Данагүл Бұғыбаева 3, 4 және 5-ықшам аудандарда дәрігерлік амбулаторияның қажеттігін айтты. Оның сөзінше, мұнда халық тығыз орналасқанымен, медициналық қызмет алуға қолайлы жағдай жасалмаған. Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов бұл мәселенің назарда екенін жеткізді.
- Дәрігерлік амбулатория құрылысының жобалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Құрылыс 2026 жылдың ақпан айының басында басталуы тиіс. Келесі жылы жобаны қаржыландыру қарастырылады, - деді ол.
Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сергей Лычагин Усть-Таловка кентіндегі жылу желілерін жаңғырту және жаңа сорғы станциясын салу мәселесін көтерді. Облыс әкімі бұл жоба бойынша да нақты жұмыстар атқарылатынын айтты.
- Облыстық бюджеттен қаражат бөлініп жатыр. Құрылысты 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бастау жоспарлануда. Тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен іске асады, - деді аймақ басшысы.
Кездесу барысында өзге тұрғындар да жол жөндеу, су құбырының тозуы, қоғамдық көлік тапшылығы сынды сұрақтарын қойды. Әкім барлық ұсынысты бейінді басқармаларға жолдап, шешілу барысы қадағаланады деп уәде берді.
Пікірлер