Өскемен - Алтай – Катон-Қарағай – Үлкен Нарын – Рахман қайнары тасжолында тоғыз метрлік бөтелке тәрізді ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алып бөтелкенің ішінде жол-көлік оқиғаларынан қатты зақымданған көліктер бар. ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, бұл нысан жүргізушілерге жолда абай болып, жауапкершілік танытудың маңызын еске салады.
- Бөтелкенің ішінде ауыр жол-көлік оқиғаларына ұшыраған көліктер бар. Ескерткіш азаматтарды көлікті абайлап жүргізу арқылы жол апатын болдырмауға шақырады, - делінген ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.
Пікірлер