A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:45 0

Өскеменде жаңажылдық безендіру басталды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында жаңажылдық безендіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл шаһардағы жеті нысанды арнайы безендіру жоспарланған:

1. Назарбаев даңғылы бойындағы аллеяда ағаштар гирляндалармен безендіріледі.

2. Орталық алаңда Бас шырша мен бірқатар инсталляция қойылып, алаң аумағы толық жарықтандырылады.

3. Өскемен аллеясында 10 метрлік интерактивті шырша орнатылады.

4. Арбатта дәстүрлі фотозоналар мен жарқыраған элементтер пайда болады.

5. Комменданткада 10 метрлік интерактивті шырша, сәндік гирляндалар және жарық шарлары бар 12 тірек орнатылады.

6. Гагарин бульвары «2026» шағын сәулеттік формамен және жарықтық безендірумен толықтырылады.

7. Әуежай аумағында «Өскемен» жазуы бар шағын сәулеттік композиция орнатылады.

Барлық дайындық жұмысы белгіленген мерзімге сай аяқталып, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйламақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив