“ҚазАвтоЖол” өкілдері қолайсыз ауа райы салдарынан жол қозғалысы шектелуі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- “Қазгидрометтің” ақпаратынша, 4-6 желтоқсан аралығында ауа райының нашарлауы күтілуде. Қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады деп болжануда. Сондықтан жүргізушілерден сапарларын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз. Жол қозғалысына шектеулер енгізілуі мүмкін, - делінген ресми ақпаратта.
Республикалық тасжолдардағы жағдай туралы мәлімет алу үшін 1403 нөміріне хабарласуға болады.
Пікірлер