Халықаралық еріктілер күніне орай ШҚО Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Өмір сыйла!» акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қан тапсыру 5 желтоқсан сағат 10:00-де Көкжал Барақкөшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан облыстық қан орталығында өтеді.
Ниет білдіргендер сағат 08:30-дан 13:30-ға дейін келе алады. Жеке куәлік қажет.
Қан орталығына 17, 46, 26, 26А және 260 автобустарымен жетуге болады.
Пікірлер