«Қазгидромет» облыстық филиалының мәліметінше, 5 желтоқсанда өңірде қалың қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстік пен шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Өскеменде қар, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі.
ШҚО ТЖД өкілдері жолдарда жылдамдық режимі мен қашықты сақтауды ескертеді. Жаяу жүргіншілерге абай болған жөн. Боран кезінде жолға шықпай, ұзақ сапарларды кейінге қалдыру қажет.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлау керек.
Пікірлер