Аталған шара 3 желтоқсан күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақын, Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Оразай Жеңісұлымен кездесу шығармашылық адамдарының біршамасын жинады. Бұған зиялы қауым өкілдері, жергілікті қаламгерлер, жастар мен оқырмандар қатысты.
– Кеш барысында ақынның өмірбаяны мен шығармашылық жолына арналған бейнематериалдар көрсетіліп, автордың өлеңдері оқылды. Қатысушылар ақынмен еркін форматтағы сұхбат құрып, шығармашылыққа байланысты түрлі сауалдарын қойды, – дейді ұйымдастырушылар.
Кездесу «Бір өлеңнің тарихы», «Тосын сұрақ», «Поэтикалық оқу», «Құпия хат», «Қонақтар лебізі» секілді мазмұндық айдарларды қамтып, кештің әсерлі өтуіне ықпал етті.
Шара соңында оқырмандар ақыннан естелік қолтаңба алып, өз пікірлерін білдірді. Кітапхана ұжымы Оразай Жеңісұлына алдағы шығармашылық жұмыстарына сәттілік тілеп, әдеби байланыстың жалғаса беретінін атап өтті.
Пікірлер