455 498.77 5.56
A+ A A-

Елдің басым бөлігін тұман басады — Қазгидромет

Елдің басым бөлігін тұман басады — Қазгидромет [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

«Қазгидромет» РМК 5 желтоқсан күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Бұрқасын соғып, жел күшейеді, кей өңірлерде көктайғақ болады.
Батыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің басым бөлігін тұман басады.
Елдің шығысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде жауын-шашын болып, боран соғады. Осы аймақтар мен Қызылорда облысында көктайғақ болады. 
Оңтүстік, солтүстік және орталық өңірлерде желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив