Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
5 желтоқсан сағат 10:00-ден бастап келесі бағыттағы жолдарда тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктеріне шектеулер енгізілді:
1) «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» (Глубокое кенті - Шемонаиха қаласы);
2) «Өскемен - Риддер - РФ шекарасы» (Белоусовка кенті - Риддер қаласы);
3) «Шемонаиха - Секисовка» (0-56 шақырым).
Бұдан бөлек, «ОблШығысЖол» ЖШС ақпаратынша, 5 желтоқсан сағат 10:00-де «Шемонаиха - Секисовка» облыстық маңызы бар жол учаскесінде салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктері, тіркемесі және жартылай тіркемесі бар көліктер үшін қозғалысты шектеу енгізіледі (0-56 шақырым).
Пікірлер