A+ A A-

talgatzhan 8 Бүгін, 10:00 0

Риддердегі Мәңгілік алауда белгісіз біреулер тауық қуырған

Бүгін / Риддер

Бұл туралы ақпартпен қала тұрғыны әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ол фотосуреттерді жариялап, өз ашуын білдірген.  Бейнебақылау камералары бола тұра, кінәлілер әлі анықталған жоқ.
- Мәңгілік алауды қорлау фактісі полиция бөлімінде тіркелді. Қазір кінәлілерді анықтау және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін бірқатар тергеу, процессуалдық шара жүргізілуде. Полиция қызметкерлері айналадағы аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, куәгерлерді анықтап, олардан жауап алуда, - делінген ШҚО полиция департаментінің мәліметінде,
Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғындарға тарихи, мәдени ескерткіштерді, ғимараттар мен құрылыстарды қорлау әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив