A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:20 0

“Таза Өскемен” қала көшелерін қалың қардан тазартып жатыр

Бүгін / Өскемен

Бүгін облыс орталығында ауа райы нашарлап, қар тоқтаусыз жаууда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы ретте “Таза Өскеменнің” барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр: негізгі аумақтарға техника жіберілді. Тасжолдарды, көпірлерді, автобус аялдамаларын және жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек, мұзға қарсы материалдар себіліп жатыр. 
Егер тұрғындарда сұрақтар туындаса немесе белгілі бір аумаққа назар аудару қажет болса, диспетчерлік қызметке 8 (7232) 53 25 77 немесе 8 777 331 85 36 нөмірлері арқылы хабарласа алады. 
Бұл бригадалармен жылдам байланыс орнатуға және мәселені тез шешуге мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив