A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 10:35 0

Шемонаиха ауданында науқас ауруханадан моральдық шығын үшін өтемақы өндірді

Бүгін / Шемонаиха

Аудандық сотта медициналық көмектің жеткіліксіздігіне байланысты материалдық және моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің ақпаратынша, сот талапкерге дұрыс медициналық көмектің көрсетілмегенін анықтады. 
- Науқастың жағдайы дұрыс бағаланбай, анықтама берілмеген. Тексеру толық жүргізілмей, медициналық құжаттама дұрыс толтырылмаған. Тексеруге және емдеуге қажетті жолдамалар берілмеген, науқасты медициналық тексеруге тіркеу уақтылы аяқталған жоқ, - делінген мәліметте. 
Сот медициналық ұйымды моральдық және материалдық шығындар үшін 151 617 теңге, сот шығындары үшін 21 357 теңге өтемақы төлеуді міндеттеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив