A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:00 0

Өскеменде жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Бүгін / Өскемен

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 09:00 шамасында Бажов көшесінде болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті ақпаратынша, Mercedes-Benz жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде әйелге жол бермей, қағып кеткен. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр.
Ал зардап шегушіні жедел жәрдем көлігімен алып кетті.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде де жарияланған. Кадрда әйелдің жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өтіп бара жатқаны көрсетілді. Көліктер екі жолақта да тоқтаған. Ал жүк көлігінің жүргізушісі алдында тоқтаған көлікті айналып өтіп, әйелді қағып кетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив