A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 12:40 0

5 желтоқсан - Халықаралық волонтерлер күні

Бүгін / Республика

Қазақстанда волонтерлік қозғалыс дамып келеді. Биыл волонтерлік ұйым саны 800-ден асып, белсенділер 300 мыңға жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазақстанда 6000 «күміс» волонтер бар. Бастамашыл топтардың саны 3 жарым мыңнан көп. 20 өңірде фронт-офис орналасқан. Қазір Qaz.volunteer.kz платформасы жұмыс істейді. Сол арқылы осы жылы 2800-ден астам өтініш қаралды.

Сондай-ақ волонтерлердің білімі мен дамуына да ерекше көңіл бөлінеді. Жазғы еріктілер мектебін 5 жылда 188 түлек бітірді. Ұлттық волонтерлік жаттықтырушы ретінде 133 адам жұмыс атқарады.

Мемлекет басшысының бастамасымен ТМД волонтерлері форумы құрылды. Бірінші форум 2026 жылы Астанада өтеді. Сонымен қатар БҰҰ тұрақты мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылын өткізу үшін Ұлттық ұйымдастыру комитеті құрылды.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив