A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 14:30 0

Өскеменде бірнеше көлік пен автобус соқтығысты

Бүгін / Өскемен

Аблакетка шағынауданында қарлы боран салдарынан ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Геологическая көшесіндегі жол-көлік оқиғасына боран мен көктайғақ себеп болды. Куәгерлердің айтуынша, үш көлік, соның ішінде жолаушылар автобусы бір-бірімен соқтығысқан.
Тұрғындар бұл учаскеде қолайсыз ауа райы кезінде жүру қауіпті екенін және жолды дер кезінде тазалау қажеттігін айтуда. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 
- Қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, көліктер арасындағы қауіпсіз қашықты сақтауды ұсынамыз, - деді Өскемен қалалық полиция басқармасының өкілдері.
Айта кетейік, бүгін қалада қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындар жолдағы мәселелер бойынша «Таза Өскеменнің» диспетчерлік қызметіне төмендегі нөмірлер арқылы хабарласа алады: 8 (7232) 53-25-77, 8-777-331-85-36.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив