Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгін таңертең Mercedes-Benz жүк көлігі Бажов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіріліп, видео әлеуметтік желілерде жарияланды.
ШҚО Полиция департаментіндегілер жәбірленушінің аман қалғанын хабарлады. Белгілі болғандай, жүк көлігі тағы екі әйелді қағып кеткен. Бірақ олар ауруханаға жатудан бас тартты.
Ал соққыдан зардап шеккен 1972-ші жылғы әйел қабырғаларының көгеруі, білегінің сынуы және жабық бас жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
Пікірлер