«Қазгидромет» облыстық филиалының ақпаратынша, 6 желтоқсанда түнде қар, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде аймақтың солтүсігінде екпіні 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды. Ал Өскеменде көктайғақ күтіледі.
ШҚО ТЖД өкілдері мұндай ауа-райында ұзақ жолға шығуды жоспарламау ұсынады. Сапарға шығар алдында жол жағдайы туралы «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасы арқылы білуге болады.
Мамандар жүргізушілерді дауылды ескертуді назарға алуға, жолда жылдамдық режимі мен қашықты сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілер де абай болған жөн.
Төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарлаңыздар.
Пікірлер