A+ A A-

talgatzhan 35 30-11-2025, 15:30 0

ШҚО-да сотталған адамдарға электрондық білезік тағылды

Бүгін / ШҚО

Облыстағы пробация қызметі инспекторлары есепте  тұрған сотталған адамдарға электрондық білезік тақты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Электрондық мониторинг – пробация талаптары орындалуын бақылаудың тиімді шараларының бірі. Ол қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сотталғандардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Құрылғы иесінің тұрған орнын нақты уақыт режимінде көрсетеді. Бұл инспекторларға түрлі құқықбұзушылыққа жедел әрекет етуге және олардың алдын алуға жағдай жасайды.
ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің Сол жағалау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, аға лейтенант Қаим Ожикановтың сөзінше, электрондық білезік тағу сотталғанға жүктелген міндеттердің орындалуын қатаң бақылауға мүмкіндік береді.
– Бұл шара тәртіпке шақырып, қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. Біз үнемі профилактикалық жұмыс жүргізіп, пробациялық бақылау талаптарын түсіндіреміз және құқықтық жауапкершілік туралы ескертіп отырамыз. Біздің міндет — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сотталғанның пробация кезеңінен құқықтық салдарсыз өтуіне көмектесу, – деді ол.
Қазіргі уақытта өңірде 11 сотталғанға электрондық білезік тағылған.

Фото: Baq.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив