Қазгидрометтің мәліметінше, 8 желтоқсан күні еліміздің 15 облысында боран, көктайғақ және тұман болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Жетісу облысының таулы аудандарда көктайғақ болады. Солтүстік, батыс, орталық және таулы аудандарда тұман болуы ықтимал.
Түркістан облысында күндіз оңтүстік және таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік және таулы аудандарда көктайғақ болады. Солтүстік, оңтүстік, орталық және таулы аудандарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, таулы аудандарда күндіз 15–20 м/с. Шымкентте күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр), кейде тұман болады.
Алматы облысында 8 желтоқсан кешке таулы аудандарда қар жауады. Таулы аудандарда таңертең және күндіз көктайғақ. Солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, күндіз шығыста екпіні 15–20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстік және шығысында көктайғақ болады.
Атырау облысының солтүстік және шығысында тұман түседі.
Абай облысының батыс, оңтүстік және орталық аудандарында тұманды болады.
Қарағанды облысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік, шығыс және оңтүстікте тұман.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарында тұманды болады.
Жамбыл облысында түнде таулы аудандарда қар, күндіз таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде таулы аудандарда боран соғады. Оңтүстік және таулы аудандарда көктайғақ болып, тұман түседі.
Павлодар облысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан, батыс пен солтүстікте екпіні 15–20 м/с жетеді.
Ұлытау облысында солтүстік, шығыс және орталық аудандарда қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының батыс, солтүстік және оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының батыс, солтүстік-шығыс және орталық аудандарда тұман мен көктайғақ болады.
Қызылорда облысының солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда көктайғақ пен тұман болады.
Астанада қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Пікірлер