A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 12:00 0

Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау тетігі жаңартылады

Бүгін / Республика

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды таңбалау мен оларды қадағалау жүйесінің қағидаларына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Аталған құжат Ашық НҚА порталында 23 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға жарияланды.
Аталған өзгерістер «Тауарларды таңбалау және қадағалау» ақпараттық жүйесінің функционалын кеңейтуді көздейді. 
Министрлік жаңа түзетулер енгізу арқылы елімізде дәрілік заттардың қозғалысын толық бақылауға мүмкіндік беретін аумақтық-ұйымдастыру бөлімшелерін құруды жоспарлап отыр. Бұл жаңалық логистикалық тізбектің әрбір нүктесінде препараттардың айналымын қадағалауды жеңілдетеді.
Сонымен қатар екі және одан да көп штрихкодтан тұратын тасымалдау қаптамасын қалыптастыру мүмкіндігі енгізілмек. Бұл әдіс сканерлеу кезінде техникалық қиындықтарды азайтады және фармацевтика нарығы қатысушылары үшін ыңғайлырақ болады.
Денсаулық сақтау министрлігі жаңартылған таңбалау және қадағалау тетіктері халықты сапасыз әрі жасанды дәрілерден қорғауға, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға және нарық ашықтығын күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
- Жаңартылған механизмдер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, дәрілік заттардың заңды айналымына бақылауды күшейтеді, - делінген ведомство хабарламасында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив