Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы лауазымына Нариман Алмасұлы тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нариман Алмасұлы «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы заңгер кеңесшінің көмекшісі болып бастады. Әр жылдары
- Алматы облыстық сот отырысының хатшысы;
- ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің бас маманы;
- ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік орталығы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімі бастығының орынбасары;
- ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік орталығы Ұлан аудандық филиалының меңгерушісі;
- ШҚО Әділет департаменті жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы;
- Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы филиалының автомобиль көлігін бақылау бөлімінің жетекші маманы;
- ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының қаржы-экономикалық және заң мәселелері жөніндегі орынбасары;
- «Қазақстан стандарттау және сертфикаттау институты» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары;
- ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары;
- Үлкен Нарын ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып қызмет етті.
Ал 2025 жылдың 13 мамырында облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының жолаушы көлігі мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Пікірлер