A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:15 0

ШҚО-да 35 градус аяз болады

Бүгін / ШҚО

Синоптиктер 9-11 желтоқсан аралығында елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде температура -35°С-қа дейін төмендейтінын ескертеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Солтүстік антициклон Қазақстанға қатты аяз алып келеді.

Метеорологтардың айтуынша, 9 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге солтүстік антициклон жылдам таралады.

- Суық ауа массаларымен толыққан бұл антициклон алдымен елдің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл аумағында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының күрт төмендеуіне себеп болады, - деп мәлімдеді синоптиктер.

Түнгі уақытта термометр көрсеткіші солтүстік өңірлерде -22…-30 градусқа дейін, шығыста -27…-35 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аяз -10…-20 градусқа дейін күшейеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив