A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:55 0

Өскеменде балаларға арналған қайырымдылық акциясы басталды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы Vita Mir дүкенінде қиын өмірлік жағдайдағы балалардың жүздеген хатымен безендірілген мерекелік шырша орнатылды. Кез келген адам солардың бірін таңдап, бір баланың арманын орындай алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шыршада жетім қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалардың хаттары бар.

Науқан ұйымдастырушысы Ксения Цыкунова бұл бастамаға қызығушылық жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

- Былтыр біз 523 баланың тілегін орындай алдық. Акцияны қолдаған қала тұрғындарына шексіз алғысымызды білдіреміз. Биыл шыршада 300-ден астам хат бар. Біз жақсылық жасағысы келетіндердің барлығын қарсы алуға қуаныштымыз, - деді ол. 

Акция барысында жиналған сыйлықтар Жаңа жыл қарсаңында балаларға табысталады. Ұйымдастырушылар Аяз ата, Ақшақармен бірге оларды мекенжайларына жеткізіп береді. 

Қайырымдылық акциясы айдың соңына дейін жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив