Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, жыл басынан бері аз қамтылған 62 отбасыға (83 адам) тұрғын үй көмегі ретінде 2,8 млн теңге төленді. Тағы 324 жанұяға (1356 адам) 176,2 млн теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берілді.
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық мәслихат сессиясының 2023 жылғы 2 қарашадағы No 11/2-VIІІ шешімімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына» сәйкес әлеуметтік көмек қарастырылады. Биыл бір реттік әлеуметтік көмек 67 әлеуметтік осал санаттағы (зейнеткер, мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, жұмыссыз) адамдарға көрсетілді, - делінген ресми ақпаратта.
Пікірлер