Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, электр жабдықтарын тиісінше пайдаланбаудан - 30, пешті қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан - 38, отты абайсыз қолданудан 39 өрт шықты. 7 адам көмірқышқыл газынан зардап шекті.
Бүгінде өңірде 34 800-ге жуық рейд жүргізілді. Құтқарушылар үй иелеріне өрт қауіпсіздігінің талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Осы ретте мамандар келесі ұсыныстарға назар аударуға шақырады:
Пешті тәулігіне бір рет қатты қыздырғаннан гөрі, бірнеше рет біркелкі жағу дұрыс.
Пешті бензинмен, керосинмен немесе басқа да тез тұтанғыш сұйықтықтармен жағуға болмайды.
Күл мен көмір қалдықтарын жанғыш құрылыстардан 15 метр қашықтықта арнайы белгіленген орынға шығару қажет.
Пешті жағуды ұйқыға жатардан 2 сағат бұрын тоқтату керек.
Пештің есігін ашық қалдыруға, пешті жағуды балаларға тапсыруға, оның қасына отын, киім немесе басқа да жанғыш заттарды қоюға қатаң тыйым салынады.
Аязды күндері электр жылытқыштарын пайдалану кезінде өрт қаупі артады. Сондықтан құрылғылардың жарамдылығын қадағалаған жөн.
Пікірлер